Мен сіздерді Мақтарал ауданының ресми сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштымын!
Біздің аудан Оңтүстік Қазақстан облысындағы халқы тығыз орналасқан және экономикалық дамыған аудандардың бірі болып табылады. Аудан орталығы Жетісай қаласы – Орталық Азияның ең әдемі қалаларының бірі. Аудан әкімі ретінде, «Интернет» жүйесіндегі біздің сайтымыз қоғамдастығымыздағы барлық салалардың өкілдері үшін қызықты болады деген үміттемін. Біз аймағымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Мақтарал ауданы бойынша кез – келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Біздің аудан туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып және жаңартылып отырады. «Интернет» беттеріндегі Мақтарал ауданына қош келіпсіздер. Біз сіздерді әсем де көрікті жерімізде қонақта күтеміз.
Әкім С.О.Тұрбеков |
|
|
«АҚ АЛТЫНДЫ» АЙМАҚТЫҢ СИМВОЛЫ «Тәуелсіздік» монументі ашылды |
|
|
|
|
Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойында ауданымызға кіре берістегі үлкен жолдың бойында «Тәуелсіздік» монументі ашылып, «ақ алтынды» аймақтың ерекше бір символы бой көтерді.
«Мәдениет – театр табалдырығынан басталады» демекші, ауданға ат басын бұрған қонақтар қасиетті де киелі Мырзашөлдің болмысы мен келбетін осындай еңселі ескерткіштері арқылы түйсініп, сезінері сөзсіз. Осынау шөп даланы игеріп, гүлдендірген аға-апаларымыздың ерен ерлігі мен елеулі жеңісіне айрықша құрмет көрсету мақсатында тұрғызылған монумент ауданымыздың табалдырығы, құт босағасы іспеттес. |
|
Жалғасы...
|
|
Ауданымыз І орынды жеңіп алды |
|
|
|
|
Биыл көктемнен бастап Шымкент қаласындағы «Шәмші әлемінде» өткен «Тәуелсіздік - мерейім!» фестивалі мәреге жетті. Жақында оның қорытындысы шығарылып, біздің Мақтарал ауданының өнерпаздары жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Салтанатты жиында облыс әкімі А.Мырзахметов бірінші жүлдесіне тігілген су жаңа «Жигули» автокөлігінің кілтін және құжаттарын аудан әкімі С.Тұрбеков пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Тілесовке арнайы тапсырды.
Фестивальде біздің аудан өнерпаздары жоғары деңгейде өнер көрсеткен болатын. Атап айтқанда, біздің өнерлі жастарымыз байқау ережесінде көрсетілген барлық жанрды түгел қамтып, төрт аяғын тең басқан жүйріктігін танытып, діттеген жерден шықты. |
|
Жалғасы...
|
|

Өткен аптада ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай аудан әкімі С.Тұрбеков еліміздің намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген жергілікті спортшыларды қабылдады. Соның бірі – Эльмира Әжібек Бақытқызы. Ол Жетісай қаласындағы М.Горький атындағы гимназия мектебінің 7 сынып оқушысы. Бапкері Ли Иванович екеуі Киев қаласында өткен әлем кубогі жарысына қатысып қайтты.
Балғын спортшы карэта-до шотакан бойынша 2 бағдарламада өнер көрсетті. Екеуінде де күміс медальды жеңіп алды. 30 мемлекеттен келген спортшылар арасында суырылып шығып, финалдық ойынға қатысу, әрине үлкен абырой әрі бақыт.
|
|
Жалғасы...
|
|
Жаңа медпункттер есік ашты |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аудан өңірлерінде құрылысы аяқталған денсаулық сақтау нысандарының салтанатты ашылу рәсімдері өткізілді. Қазірге дейін 7 емдеу орны есігін айқара ашты.
Атап айтқанда, Жаңа жол ауылдық округі Арайлы елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункт, Иіржар ауылдық округі «Азамат» елді мекені мен Нұрлыбаев ауылдық округі Мырзатөбе ауылындағы медициналық пункт, Қазыбек би ауылдық округі Құрбан ата елді мекеніндегі медициналық пункт, Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылындағы медициналық пункт, Мәдениет елді мекеніндегі медициналық пункт және Ж.Ералиев ауылдық округі С.Сейфулин атындағы ауылдағы медициналық пункттің лентасы қиылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сырқаттарды қабылдайтын, егу және басқа арнайы бөлмелері бар ғимараттар осы заман талаптарына сай жабдықталған.
|
|
Жалғасы...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > Соңғысы >>
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |